«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді» - Алексей Цой

Oinet.kz 18-05-2021 683

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Алексей Цой.jpg

- Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды, - деді министр. 

Оның дерегінше, өңірлер шегінде 18 мамырдағы жағдайға сәйкес, инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр. 

- Инфекциялық төсек-орындардың ең жоғары толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 49, Алматы облысында - 45 пайыз, реанимациялық төсек-орындар толымдылығы Нұр-Сұлтан қаласында - 52, Алматы қаласында 47 пайызды құрайды, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сәуле Әбілдаханқызы Қыдырәлі Болмановтың бірінші әйелі кім екенін айтты
Бүгін Олжас Сүлейменовтың туған күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу