Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

Oinet.kz 12-05-2021 874

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады,  деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев.jpg

- Конституциялық Кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде парламент қабылдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтінішін іс жүргізуге қабылдады, - делінген ресми хабарламада.

Конституциялық Кеңес отырысына материалдарды дайындау жұмысы басталды.

Конституциялық Кеңесте құқық қорғау, ғылым және өзге де ұйымдар мен мәселелерге маманданған тұлғалар өз қорытындыларын gulmira@ksrk.gov.kz электрон поштасына жібере алатыны айтылды.

Конституциялық Кеңес - бұл Қазақстандағы конституциялық бақылаудың ұжымдық органы. Ол 7 мүшеден тұрады. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент, ал екі мүшесін тиісінше Сенат пен Мәжіліс 6 жыл мерзімге тағайындайды. Нұрсұлтан Назарбаев - Конституциялық Кеңестің тұрақты мүшесі. Қазіргі төраға - Қайрат Мәми.

«Жас министрсіз, елден, халықтан ұят емес пе!?» - Нығматулин министрге
«Қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек» - Аймағамбетов
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу