«Қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек» - Аймағамбетов

Oinet.kz 12-05-2021 920

Министр Асхат Аймағамбетов Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Асхат Аймағамбетов.jpg

- Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырған жоқ, әрқайсымыздың жүрегімізге ауыр тиіп, зор күйзеліспен қабылдадық. Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек.  Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым. 

Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты.  

Психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керек.  Бұл үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар – біз үшін  ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет - деп жазды Facebook парақшасында.

Қазақстан Президенті Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады
​Шымкент: Инновациялық жобалар байқауының қорытындысы шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу