23 жастағы қыз өз анасына дене жарақатын салған
Ақмола облысы Бурабай ауданында полицейлер анасын ұрған әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
- Ағымдағы жылдың 1 мамыр күні Бурабай ауданының Пб-нің кезекші бөліміне Щучинск қаласының 40 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Әйел 23 жастағы қызы оған дене жарақатын салғанын хабарлады. Кейінірек қызы қылмыс жасағанын мойындады,— делінген хабарламада.
Тергеу барысында жанжалдың себебі қызғаныш болғандығы анықталды. Әйел өзімен бірге тұратын ер адамын қызынан қызғанған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 107-бабы 1-бөлімі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.