Қазақтар Африкада жираф пен зебра аулап жүр (видео)
Желіде Африка құрлығында аң аулап жүрген бір топ кісінің видеосы пайда болды. Видеода мылтық ұстаған адамдар жирафты атып алады. Жирафты бір оқпен құлатқан аңшылар мәз-мейрам болып қуанады.
Видео "Silk Road" Ютуб каналында жарияланған. Видеоның тақырыбы - "Казахи на сафари в Африке" деп жазылған. Видеода қазақ тілінде сөйлескен адамдар аңды аулап болған соң, жергілікті тұрғындардың көмегімен оны көлікке артып, терісін сыпырып сояды.
Ескерту: Видеоны 18 жасқа толмағандарға көруге болмайды.