Әйелді таптап өлтірген піл жаназасында денесіне қайта шабуылдаған

Oinet.kz 14-06-2022 2789

Үндістанның шығысындағы Одиша штатында 70 жастағы Майя Мурму есімді әйелді піл таптап өлтіріп, жерлеу рәсімі кезінде оның денесіне шабуыл жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Screenshot_17.jpg

Полицияның мәліметінше, жануар көрші штатта орналасқан Далма жабайы табиғат қорығынан қашып кеткен. Мурму құдықтан су алып жатқанда, оған піл жүгіріп келді. Жыртқыш әйелді таптап кеткен, ол алған жарақаттарынан жақын маңдағы ауруханада көз жұмды.

Жерлеу кезінде Мурму отбасы діни рәсімдерді орындады. Кейін дәл жаназа отын жағу алдында піл қайтадан пайда болған. Ол мәйітті аспанға лақтырып, қаша жөнелген. Осыдан кейін отбасы жерлеу рәсімін жалғастырды. Ал піл қайта оралмаған.

Түркістанда үшем қыз дүниеге келді
«AMANAT»: Сайлауалды бағдарламаға сәйкес жолдардың сапасы артуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу