Болатбек Әлиев елді тағы шулатып жатыр
21-06-2023
Солтүстік Корея билігі қашықтан оқу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша комиссия төрағасы бұл органның жұмысын тиімді жасамағаны үшін өлім жазасына кесті, деп хабарлайды РИА Новости.
Daily NK басылымының мәліметінше, "қашықтан білім беру туралы заңды іске асыру бойынша жоғары білім министрлігінің тұрақты емес комиссиясы" өлім жазасына кесілген.
Тұрақты емес комиссия білім министрлігімен тікелей байланысты болғандықтан, оны сол ведомстводағы департамент басшыларының бірі - Пак есім 50 жастағы шенеунік басқарған. Одан бөлек, комиссия құрамына 20-ға жуық профессор кірген.
Басылым мәліметінше, 2020 жылы құрылған комиссия прогреске және нәтижеге қол жеткізе алмаған. Комиссия жұмысы кезінде оның кейбір өкілі билік саясатын сынаған.
Олар көбіне қашықтан оқу заңын жүзеге асыру үшін қажет ғимарат пен құрал-жабдық жоғын айтқан, ал Пак бұл туралы бірнеше рет басшылыққа да айтқан, алайда оған "партияның Орталық Комитетінен бұл туралы "нұсқаулар жоғын" жеткізген. Пак бірнеше рет жағдайды өзгертуді ұсынған.