Ер адамды өлтірді деген күдікпен павлодарлық әйел ұсталды (видео)
Павлодар қаласының орталығында қоқыстан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Дене кілемге оралған. Полиция оқиғаның егжей-тегжейін анықтауда, деп хабарлайды Astana.tv телеарнасы.
Әлеуметтік желіде қала орталығында қоқыс жәшігінен мәйіт табылды деген видео пайда болды. Бір тәуліктен кейін полиция қызметкерлері мәйіттің 38 жастағы ер адам екенін растады. Денесі кілемге оралған. Оны қоқыс жәшігіне жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындары тапқан. Бірақ ер адам ол үйде тұрмағанын айтты.
- Мәйіт біз тұратын үйден емес, көрші үйден екен. Басқа ештеңе естімедім. Білмеймін, - деді Павлодар қаласының тұрғыны.
Полиция денеден зорлық-зомбылық белгілерін анықтады. Марқұмның асқазанына пышақ тығып алған. Күдікті әйел ұсталды.
- Осы қылмысты жасады деген күдікпен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 50 жастағы әйел ұсталды. Анықталған факт бойынша ҚР ҚК-ның 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.