«Пандемия 2022 жылға дейін жалғасады» - Билл Гейтс

Oinet.kz 26-03-2021 1469

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдік коронавирустық пандемия 2022 жылдың соңына дейін тоқтамайтынын айтты. Бұл туралы ол TVN24-ке берген сұхбатында айтты.

Билл Гейтс.jpg

Миллиардердің айтуынша, вакцинация вирустың таралуын тоқтатады. Билл Гейтс жүргізушінің сұрағына жауап бере отырып, барлық мемлекеттер COVID-19-дан толық құтылғанға дейін бүкіл әлем бойынша шектеулер сақталатынын айтты.

- 2021 жылдың соңына дейін вакцинацияның деңгейі соншалықты жоғары болуы мүмкін. Аурудың саны азая бастайды, дегенмен мүлдем жойылады деуге келмейді. Маска тағу және көпшілік орынға жиналуға тыйым салу сияқты шектеулер әлемдік пандемиядан арылмайынша өз жалғасын табады, - деді ол.

Билл Гейтстің айтуынша, әлем 2022 жылдың аяғында қалыпты өмірге қайта оралуы мүмкін.

- Көпшілік қауым бәрін жалған деп естіп алып, бетперде киюден және вакцина алудан бас тартып жатқандығы өте өкінішті, - дейді миллиардер.

Үкімет ең төменгі жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасын қарастыруда
Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу