Ресейдегі қазақтардың төбелесі: Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді (видео)

Oinet.kz 25-03-2021 1018

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жатқандар арасында төбелес болды. Олардың арасында қазақтар бар. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға түсінік берді, деп хабарлайды Oinet.kz ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Ресей төбелес.jpg

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар тарап жатыр. 

- 23 наурыз күні, сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес орын алды. Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ◾НОВОСТИ/СОБЫТИЯ (@eldit_net)

Назарбаев БАӘ билеушілеріне көңіл айтты
«Ауыл шаруашылығы жерлері тек мемлекеттікі болсын» – сенатор
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу