«Қаямды жемеңдер»: Талдықорғанда оқушы қызды жәбірлеген қыздардың бірі видео жариялады (видео)
Талдықорғанда кәмелетке толмаған қыздардың дауы әлі басылмай тұр. Бір қызды жабылып ұрған үш қыздың бірі әлеуметтік желіге жаға ұстатарлық видео жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Полиция бізді қорғайды ма, қорлайды ма?! Бұл не сұмдық. Бұған дейін үш қыздың жалғызды жабылып ұрған жауыздығын жарияладым. Енді мына бетпақтардың жауабын қараңыздар. Видео архивтерінде тек полицейлермен жүретіндері көрініп тұр. Сонда полицейлер тәртіпке шақырудың орнына мына шөткі бастармен әмпәй-жәмпәй болып жүр ме?!
Ішкі істер министрі. Бұл не жағдай? Дереу шара қолданыңыздар», - деп жазды видео Самал Кабышева.