Бас әскери прокуратура Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 18-04-2023 630

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_1.jpg

"Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Ол аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған", - деді Мақсат Қазиев Сенат кулуарында тілшілердің сауалына жауап бере отырып. 

Сонымен қатар тілшілер оның кінәсі дәлелденсе қандай шешім шығуы мүмкін екенін сұрады. 

"Нақты үкімді сот шығарады, яғни тиісті шешім жарияланады", - деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

Еске салсақ, наурыз айында Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың Алматыда адвокаттарды соққыға жыққаны жайлы видео тарады.

Арыстанбек Мұхамедиұлының соты басталды
Шымкентте 60 миллион пара алған әкім орынбасарына қатысты тергеу басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу