Шымкентте 60 миллион пара алған әкім орынбасарына қатысты тергеу басталды
Шымкент қаласы аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 млн. теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде.
Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды.
Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз болып саналады.