Назарбаев «Абай арена» атауын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді (фото)
Еліміздің Тұңғыш Президенті Семейдегі "Абай арена" стадионы өз атауын сақтауы тиіс деп санайтынын жеткізді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
- Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің "Абай арена" стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай "құрмет-қошеметке" қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс, - деп жазды ол Twitter-де.