«Қазақта гей деген болмаған» деген сөз өтірік - ЛГБТ қауымдастығының лидері
ЛГБТ қауымдастығының Еуропада тұратын қазақстандық лидері Данияр Сәбитов "қазақта гей болмаған" деген ұғымға сай өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы ЛГБТ қауымдастығы мүшелерінің жағдайы туралы баяндады. Бұл туралы ол Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында айтты.
– Қазақстандағы ЛГБТ қауымдастығындағылардың жағдайы оңай емес. Бір шетінен біздің құқымыз үшін күресте қолдау білдіріп қана қоймай, өздері де бізбен бірге жүрген гетеросексуалды адамдарды жиі кездестіріп жүрмін. Олар Қазақстанда қандай да бір топ заңмен қорғалмаса, онда басқа адамдардың да қорғансыз екенін біледі. Бірақ гендерлік бірегейлік көзқарастары сай болмағаны үшін ғана ЛГБТ мүшелерінадаме күш көрсетіп, балағат сөздер айтып, ауыр дене жарақатын салу қылмысы азайып жатқан жоқ. Бізге ай сайын ЛГБТ мүшелеріне қарсы жасалған қылмыс туралы 10 шағым түседі, өткен жылы осындай өшпенділік салдарынан туған 120-дан аса қылмыс тіркелді. Қазақстан қоғамы ЛГБТ мүшелерін Кеңестік заманға дейінгідей қабылдауға жету үшін біраз уақыт қажет. «Қазақта гей деген болмаған» деген сөз жиі айтылады, бірақ бұл өтірік. Кеңес билігі келгенге дейін гейлер аса маңызды болмаған, сол себепті, қоғам мұны үлкен проблема көріп, талқыға салмады. Қазіргі қазақстандық гомофобия бұл Кеңестің отарлау саясатының қалдығы. Гомосексуалдарды бүкіл ел ішінде қылмыстық қудалауды Сталин енгізді, дәл сталиндік ГУЛАГ лагерлерінде гомосексуалдарға деген өшпенділік өз күшіне енді. Сол себепті гомофобты қазақтар өз түп-тамырларынан алыс деп ойлаймын - деді ЛГБТ қауымдастығының Еуропада тұратын қазақстандық лидері Данияр Сәбитов.