Тоқаев 2025 жылға дейін қазақстандықтардың табысын арттырмақ

Oinet.kz 09-03-2021 962

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай Қазақстан халқының нақты ақшалай кірістерін 2019 жылғы деңгейден кем дегенде 27%-ға арттырмақ, деп хабарлайды Oinet.kz.

Токаев.jpg

26 ақпан күні президент "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтары туралы" жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық басымдықтары ретінде келесілер айқындалған: 1-бағыт. "Азаматтардың амандығы": 

1) "Әділ әлеуметтік саясат"; 

2) "Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі"; 

3) "Сапалы білім"; 2-бағыт. "Институттардың сапасы": 

4) "Азаматтардың мүдделерін қорғайтын әділ және тиімді мемлекет"; 

5) "Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі"; 

6) "Патриотизм құндылықтарын тәрбиелеу"; 

7) "Ұлттық қауіпсіздікті нығайту"; 3-бағыт. "Қуатты экономика";

8) "Әртараптандырылған және инновациялық экономика құру"; 

9) "Экономикалық және сауда дипломатиясының белсенді дамуы"; 

10) "Теңгерімді аумақтық даму". "Азаматтардың амандығы" бағыты бойынша халықтың нақты ақшалай кірісінің өсімін 2019 жылғы деңгейден кемінде 27%-ға арттыру ұсынылып отыр. Одан бөлек, өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру жоспарланған. 

Аймағамбетов педагогтардың біліктілігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданғанын атады
«Қазақта гей деген болмаған» деген сөз өтірік - ЛГБТ қауымдастығының лидері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу