«Ең үлкен қасірет – жақыныңнан айрылу» - Тоқтар Серіков (видео)

Oinet.kz 03-03-2021 2018

Белгілі әнші Тоқтар Серіков марқұм әкесін есіне алып, оған деген өз сағынышын жеткізді. Өнер иесінің асқар тауы әкесі 2014 жылы ұзақ уақыт ауырып, дүние салған. Бұл туралы әнші "Ең алғашқы" бағдарламасында айтты. 

Тоқтар Серіков.jpg

Әнші оның қазасын өміріндегі ең үлкен өкініші санайтынын айтты. Кішкентайынан өзін өнерге баулып, қасынан тастамай алып жүрген, өмірлік ұстаз болған асқар тауынан айрылу өнер иесіне оңай соқпаған. Өнер иесі әкесін сағынған кезде оның тонын киіп алады екен. Ол тонда әкесінің иісі әлі де бар екенін айтты. 

- Әкемнің қазасы – өмірімдегі ең үлкен өкініш. Мектептке оқитын кішкентай кезім. Көрпенің астына кіріп кетіп жылайтынмын. Сонда осы күнді ойлайтынмын. Түбі мен әкем мен шешемнен айрылып қалам ғой деп ойлайтынмын. Сол өкініш кішкентай кезімде көкейімде тұратын. Сол кезде "Алла Тағала, менің әке-шешеме тиіспей-ақ қойшы - деп жалынатынмын. Ең үлкен қасірет – жақыныңнан айрылу. Әкемнің үйге соңғы киіп келген тоны бар. Басқа киімдерін жібердік. Тонын ешкім сұрамаса екен деп, тығып қойғам. Әлі күнге дейін әкемнің иісі бар. Кейде тоңам. Сағыныштан тоңам. Кәдімгідей іздеп, қалтыраймын. Сол кезде әкемнің тонын кием де, бөлмеге кіріп алып жатам. Балаларым көріп қоймасын деп, тығылып жылаймын. Адам баласының ішінде ешкім біле бермейтін дүниелер бар. Соның бірі осы – әкеме деген сағыныш, - деді Тоқтар Серіков. 

Қазақстан фильмді қуана-қуана қарсы алды деп естідім
«Балалар Мемлекеттік тілде білім алу керек» - Асхат Аймағамбетов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу