Денсаулық саласының қос вице-министрі екпенің екінші дозасын салдыртты

Oinet.kz 22-02-2021 848

Денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасының екінші дозасын қабылдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

екпе салу министрлер.jpg

Оларға Нұр-Сұлтан қаласының №6 қалалық емханасында екпе жасалды.

Вакцина салар алдында мейірбике алғашқы екпеден кейінгі жағдайлары туралы сұрады. Ерлан Қиясов пен Ажар Қинаят өздерін жақсы сезінетіндіктерін жеткізді.

Үш күн суға түсуге болмайды. Жалпы әлсіздік пен бей-жай күйді сезінуіңіз мүмкін, бірақ оған бола алаңдамаңыз, бұл қалыпты реакция, - деді медбике.

Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, вакцинация екі кезеңнен тұрады: екінші доза біріншісінен 21 күн өткен соң салынады.

Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді
«Қазақстанда тұрған кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі» - Ермахан Ибраимо
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу