Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді

Oinet.kz 22-02-2021 916

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат Ислам.jpg

Отандасымыз Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Әу баста негізі оның қарсыласы 33-жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болатын. Бірақ кездесуге бірнеше уақыт қалғанда қарсылас ауысып, Ислам 27 жастағы эквадорлық Джейсон Миндамен (14-4-1, 8 КО) кездесті.

Бұл кездесу он раундқа жоспарланған. Бірақ айқас жетінші раунда аяқталды. Қазақстандық боксшы қарсыласын төртінші раунда нокдаунға жіберді. Жетінші раундта төреші тағы есеп ашты. Ол кезде Минда есін жиып үлгергенімен, Ислам қарсыласын қайта құлатта. Осылайша жекпе-жек аяқталды.

Кейінгі тәулікте 699 адам коронавирус жұқтырды
Денсаулық саласының қос вице-министрі екпенің екінші дозасын салдыртты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу