Алматы сары аймаққа өтті
04-07-2022
Коронавирустық инфекциясына қарсы егіліп жатқан вакцина адам денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Керісінше. Індеттен құтылудың жалғыз жолы – вакцинация.
Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде екпеге қарсы айтылып жүрген әңгімелердің барлығы ғылыми тұрғыдан алғанда ешқандай қисынға келмейді. Жалған ақпарат жардан жығады. Сондықтан елді дүрліктіріп, адастыруға үндейтін қауесеттерді таратқандар заң аясында жауапқа тартылады.
Түркістан облысында коронавирусқа қарсы вакцина дозалары жеткілікті. Тұрғындар QazVac, Спутник-V, Hayat-Vax, CoronaVac вакциналарын қабылдай алады. Барлық вакцина коронавируспен күресуге қауқарлы. Ресми дерек бойынша ақпан айынан бері 582 мың 407 адам COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін алған болса, 545 мың 444 тұрғын екінші компонентін салдырған. Бұлардың ішінде бірде-біреуінде вакцина салдырып, денсаулығы нашарлап кеткен жағдай тіркелген жоқ.
Вакцина салдырғандар індет жұққанның өзінде ауруды жеңіл өткізеді. Салдырмағандардың жағдайы қиын болатыны сөзсіз. Яғни, кейбір азаматтардың вакцина ектіруге қарсы айтып жүргендері дәлелсіз жалған қауесет. Коронавирусты жұқтырып, ауруханаға түскендердің басым бөлігі вакцина алмағандар екенін атап айтқым келеді. Бүгінде облыста вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттары сақтала отырып, 128 егу пунктінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізілуде. 109 дана термоконтейнермен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 80 көшпелі егу бригада дамылсыз жұмыс істейді.
Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың аса жақсы емес. Елімізде ұзақ уақыт «жасыл аймақта» болып келген Түркістан облысы 9-тамыздағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша сары аймаққа енді. Дегенмен, облыс көлеміндегі бағалау бағалау бойынша Жетісай, Мақатаарал аудандары мен Түркістан, Кентау қалалары «қызыл аймақта» тұр.
Әлемді әбігерге салған пандемия басталғалы бері Түркістан облысында COVID-19 індетімен тіркелген жағдайлар саны 10 мың 880-ге жетті. Оның 8 мың 891-і аурудан айығып шықты. Өкінішке қарай, 60 азаматымыздан айырылдық.
Біз бұл індетті тек қана вакцина арқылы ғана ауыздықтай аламыз. Халықты толық вакцинациялау нәтижесінде ұжымдық иммунитет қалыптасады, ауруды тасымалдау деңгейі төмендейді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы қалыпты өмірге ораламыз. Сондықтан отандастарымды мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып, жаппай епке қабылдауға шақырамын.
Ләззат НАУРЫЗОВА,
Кентау қалалық емханасының эпидемиологы