Сау ұрпақ отбасын дұрыс жоспарлаудың жемісі!
Елімізде туу көрсеткіші жоғары Түркістан өңірінің №1 облыстық перинаталдық орталығында жыл сайын 9 мыңға жуық босану өтеді. Дегенмен, аналардың 12 пайызы мерзімінен бұрын босануға келеді. Шала туылған, салмағы аз балалар дүниеге келеді, олардың өмір сүру деңгейі қалыпты салмағы бар, толыққанды сәбилерге қарағанда 10 есе төмен. Мерзімінен бұрын босанудың қауіп факторлары медициналық (түсік түсіру және түсік тастау, несеп – жыныс жолдарының инфекциялары, экстрагенитальды патология және т.б.) және әлеуметтік (өмір сүру деңгейі, тамақтану, жас босану) болып табылады.
Жүктілікті, отбасын жоспарлаудан бұрын фертильді жастағы (15-49 жас) әрбір әйел тексеру және жүктілікке дайындық жүргізу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға баруы қажет. Амбулаториялық емхана жұмысының негізгі мақсаты жүктілікке дейін және жүктілік кезінде, босанғаннан кейінгі кезеңде білікті амбулаториялық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын қорғау бойынша қызметтер көрсету арқылы ана мен баланың денсаулығын қорғау болып табылады.
Жүктілік қалыпты физиологиялық процесс болғанына қарамастан, әйелдің ағзасында маңызды өзгерістер орын алады, бұл болашақ ананы дәрігердің бақылауымен толық тамақтануға, еңбек пен демалу режимін, өз денсаулығын сақтауға және ұрықтың қалыпты дамуына ықпал ететін бірқатар гигиеналық ережелерді сақтауға міндеттейді.
Қауіпсіз ана болу критерийлеріне негізделген жүкті әйелдің денсаулығын сақтау және ұрықты антенатальды қорғау бойынша белсенді шаралардың тиімділігі бұл шаралар жүктіліктің ерте кезеңдерінен басталған кезде жоғары болады. Сондықтан, жүктілік белгілері пайда болған кезде әйел акушер-гинекологпен кеңесу керек, бұл әйелге жан-жақты медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік береді. Жүктіліктің 12 аптасына дейін акушер-гинекологқа ерте жүгіну, оның жүктілік кезіндегі жүйелі бақылауы дәрігерге жүктілік кезіндегі ауытқуларды уақтылы анықтауға және оларды уақтылы жоюға мүмкіндік береді. Ұрықтың ақауларын ерте анықтау үшін генетиктерге кеңес беру, ультрадыбыстық және биохимиялық зерттеулер кіретін медициналық-генетикалық қызмет бар, бұл сырқат баланың туылуына жол бермейді.
Жатырдағы бала үшін ананың денесі сыртқы орта болып табылады. Алайда, көбінесе әйел ана болғысы келетін рөлдің жауапкершілігі туралы аз ойлайды. Бірақ баланың дүниеге келуі тек отбасының меншігі ғана емес, бұл жаңа азаматтың дүниеге келуі.
Бала тууды шешкен әрбір отбасы 18 жасқа дейінгі және 40 жастан кейінгі жүктілік әйел мен баланың денсаулығына қауіп төндіретінін, жүктілік арасындағы интервал кем дегенде екі жыл болуы керек. Ал отбасын жоспарлау қызметі білім береді және отбасына шешім қабылдауға мүмкіндік береді: қашан, қанша және қанша уақыттан кейін жүкті болуға болады және қашан жүктілікке жол берілмейді.
Барлық отбасы мүшелері жүктілікке және сау босануға қауіп төндіретін белгілерді білуі керек. Ісінудің пайда болуы, бас ауруы, құсу, құрысулар, жыныс жолдарынан қан кету, іштің ауыруы, амниотикалық сұйықтықтың ағуы, ұрық қозғалысының төмендеуі немесе тоқтатылуы, дене температурасының жоғарылауы жедел медициналық көмекке жүгінудің себептері болып табылады. Әйелдің денсаулығына байланысты проблемалар жүктілік кезінде және босанғаннан кейін күтпеген жерден пайда болуы мүмкін болғандықтан, әр отбасында олар пайда болған жағдайда іс-шаралар жоспары болуы керек.
Қалыпты жүктілік кезінде әйел дәрігерден немесе акушерден кем дегенде 4 рет кеңес алуы керек. Сондай-ақ, әр жүкті әйелге ана болу мектебіне барған жөн. Онда ол жүктілік кезінде дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режимі, қажетті гигиеналық талаптар, алкогольдің, темекі шегудің және есірткінің зияндылығы, емшек сүтімен емізу және отбасын жоспарлау, босану кезіндегі дұрыс мінез-құлық, физикалық және психопрофилактикалық дайындық қажеттілігі туралы ақпарат алады. Перзентханада жаңа тиімді перинаталды технологияларды қолдану туралы әйелді хабардар етеді. Мысалы: серіктес босану, босану кезіндегі позицияны еркін таңдау, кертартпа медициналық процедуралардан бас тарту, ананың баламен бірге болуы және басқалар. Бұл білімді қолдану жүктіліктің қалыпты ағымына, сау баланың дүниеге келуіне, сондай-ақ босану кезіндегі стресстік жағдайдың алдын алуға көмектеседі.
Табиғат әйелге бала көтеру және бала туу деген үлкен миссия берді. Бұл баланың дені сау бола ма, жоқ па, ол әр отбасына байланысты.
Жанар ИДЫРОВА,
№1 облыстық перинаталдық орталығы
бас дәрігерінің орынбасары