Тоқаев құруды тапсырған өтініштер жүйесі қалай жұмыс істейді?

Oinet.kz 16-02-2021 782

Қазақстанда мемлекеттік органдарға жүгінуге арналған ақпараттық жүйе іске қосылады. Аталмыш жүйені Мемлекет басшысы 1 шілдеге дейін жасауды тапсырған болатын. Жаңа "Нәтиже" орталықтары өтінім келіп түскеннен кейін адамдардың бірден 50 пайызға дейін мәселесін шеше алады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Токаев.jpg

Жоба "Е-Өтініш" жүйесі базасында құрылады, ол өтініштерді қарау барысын мониторинг жасауға және бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өтініш беруші мемлекеттік органдардың қабылданған шешімдер бойынша жауапкершілігін арттыра отырып, атқарылған жұмысты бағалай алады.

- АЖ автоматтандырылған аналитикасы ("Е-Өтініш" ақпараттық жүйесі. - Ескерту.) азаматтарға не қажет екенін анықтауға және өңірлердегі нақты проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарға жүктемені азайту, типтік жағдайлар бойынша қағазбастылық пен төрешілдікті болдырмау үшін ХҚКО базасында "Нәтиже" орталығының жұмысы енгізіліп жатыр, оның міндеті өтініштерді қабылдауда ғана емес, сондай-ақ, жүйеде "білім базасын" пайдалана отырып немесе тиісті мемлекеттік органның жауапты қызметкерімен қашықтан қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен азаматтың мәселесін жергілікті жерде шешуде, - деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері.

Мемлекеттік органдарды жаңа ақпараттық жүйеге, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл 1 шілдеге қарай қосу жоспарланып отыр. 

"Нәтиже" орталықтары бірінші кезекте түсіндіру сипатындағы келіп түскен барлық өтініштің 50 пайызына дейін қарай алады деген болжам бар. Сол арқылы азаматтармен тілдесе отырып мәселелерін бірден шешу көзделген.

- Қазіргі уақытта жоба біздің министрлікте, мемлекеттік корпорацияда, сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында дайындалып жатыр. Жобаның таралымын көбейту жұмыстары Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында басталды. Биыл 1 шілдеге дейін барлық мемлекеттік органды жүйеге қосу жоспарланып отыр, - деп толықтырды министрліктегілер.

Цифрлық даму министрлігі жобаны Бас прокуратурамен бірлесіп іске асырады. 

Шөмішбай Сариевтың артына қалдырған асыл мұрасы жетерлік
Соңғы тәулікте 686 адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу