Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады

Oinet.kz 09-02-2021 872

Синоптиктердің болжауынша алдағы 9-11 ақпан аралығында республиканың сегіз облысында дауыл тұрады деп, хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

ауа райы.jpg

 Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады. Екпіні 23-28 м / с дейін жетеді

 9 ақпанда кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), кей жерлерде желді боран күтіледі.

Ақтөбе облысында 9 ақпанға қараған түні кей жерлерде бұрқасындатады, жел 18 м / с дейін күшейеді (кей жерлерде).

Сондай-ақ, ертең Қостанай облысында бұрқасын (кей жерлерде) болады деп күтілуде. Жел 15-20 м / с дейін күшейеді.

Ертең Қарағанды облысында тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м / с-қа дейін күшейеді, екпіні 23 м / с-қа дейін жетуі мүмкін.

9 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын болады (жаңбыр мен қар). Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Жел 15-20 м / с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Ақмола облысында синоптиктердің болжамынша ертең бұрқасын болып, жел соғады. Әдеттегі желдің жылдамдығы 15-20 м / с, екпіні 25 м / с-қа жетеді.

Алматы облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 18-23 м / с дейін жетуі мүмкін.

9 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қарлы боран болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы 15-20 м / с болады, күндіз екпіні 25 м / с дейін жетуі мүмкін.



«Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі» - Тоқаев
Ринат Заитов жаңа қызметке тағайындалғаннан кейін күтпеген мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу