«Қайдағы Назарбаев!?» - белгілі режиссер (видео)

Oinet.kz 03-02-2021 1313

Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов «Шал» фильмінің негізгі астарын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында тарқатып айтып берді. 

Назарбаев пен Тұрсынов.jpg

- Бір жерде айтқаным бар. Бізде қазір шалдар көп те, ақсақалдар аз деп. Сонда бұл қандай шал өз ауласында адасып жүрген. Өз туған жерінде соншама жыл жүріп, енді тұманның ішіне кіріп адасып кеткен қандай шал!? Ит боп қасқырлармен алысып. Қойларын жоғалтып, жол таба алмай жүрген қандай шал ол!? Мен бір мақаладан оқығанмын кино шыққаннан кейін. Былай жазыпты, Шал дегеніміз Назарбаев, ана жайылып жүрген, қырылып жүрген мал - халық. Ал ана кішкентай бала Тұрсыновтың өзі деп. Сондай да талдау бар. Мен оны ойлаған жоқпын. Қайдағы Назарбаев!? Бірақ, мүмкін осы пікірдің де жаны бар шығар. Кім біледі!? Өз жерінде адасып жүрген, тұманда жүрміз. Қайта-қайта оралғымыз келеді. Бірақ, әруақ қолдап жатыр ғой. Ар жақтан бір мазар келеді көмек ретінде, ар жақтан бір әулие ағаш символ ретінде көмек. Жол іздеп келе жатсың ба!? Жоғалып қалдың ба!? Не көмек керек!? Адамға оралғың келе ме!? Мә саған көмек ретінде, қасқырдан құтқарамын түнеп шық мына жерге. Көмектесіп жатыр ғой. Бірақ, анау қайта-қайта адаса береді. Содан кейін өзінің қасқыр ататегін сатып кеткеннен кейін өзінің кегін алу үшін қайта-қайта оралады. Сол жерде бір көрініс бар, ең басты эпизод. Қасқыр мен Шал бір-бірімен текетіреске келіп бетпе-бет қарайды ғой. Бір уақытта қарасаң Шал айуанға айналады, қасқыр адам боп қалады. Соныда менің айтайын дегенім, біз қазір қасқырдан да ары боп кеттік қой - дейді Ермек Тұрсынов. 

Сонымен қатар, режиссер фильмнің түсіндірмесін нақтылап атап өтті.

- Мен соны айтқым келеді. Біз 29 жылдан бері адасып келе жатырмыз ғой. Биыл 30-ға толамыз ба!? 30 жыл тұманға кіріп өз жерімізде адасып жүрміз. Өзімізден шыққан қасқырлармен арпалысып - дейді режиссер.

«Бұл бағдарламадан кету керексің» - Мұхтар Тайжан
«Қазағыма тіл тигізсінші мойнын жұлып аламын» - Ермек Тұрсынов (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу