Мьянма президенті ұсталды
Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи, үкіметтің қазіргі басшысы, сондай-ақ ел президенті Вин Мьинді белгісіз адамдар ұстады, деп хабарлайды Reuters.
Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлаудан кейін Мьянмада төңкеріс жасалуы мүмкін деген хабарлама тараған.
Билеуші партияның өкілі Мьянма мемлекеттік кеңесшісі Аун Су Чжиді, президент Вин Мьинді және басқа да көшбасшыларды 1 ақпанда таңертең белгісіз адамдар "ұстағанын" хабарлады.