Дана Нұржігіт қос министрлікті қатаң сынға алды

Oinet.kz 29-01-2021 1320

28 қаңтар күні өткен Палата отырысында Сенат депутаты Дана Нұржігіт Ұлттық экономика және Әділет министірліктеріне өз сауалын жолдады. Журналист заң жобаларын әзірлеу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Oinet.kz. Сенат депутаты заң жобаларын дайындауғы қос министрліктің жұмысын сынға алды. Бұл туралы парламент сенатының ресми Instagram парақшасында хабарланды. 

Дана Нұржігіт.jpg

Дана Нұржігіт 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексі туралы заң жобасымен бірге ұсынылып отырған қосымша құжаттарда, ұлттық заңнаманы ратификациядан өткелі отырған хаттамаға сейкестендіруге қатысты толық ақпараттар мен нақты ұсыныстар жоқ екенін атап өтті. 

- Осы тәрізді заң жобаларын әзірлеу барысында халықаралық міндеттерді қабылдаудың ұлттық заңнамаға қатысты қатері мен әсері болжанады ма? Халықаралық шарттарды ратификациялау бойынша заң жобаларын мазмұнды және сапалы әзірлеуді күшейтуге бағытталған шаралар қабылдау жоспарларыңызда бар ма? Өйткені Конституцияға сәйкес дәл осындай халықаралық шарттар ұлттық заңдарымыздан басымдығы бар, - деп сенатор өз сауалын жолдады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Парламент Сенаты (@senate_kz)

Қуат Хамитов жаңа партия құратынын айтты
«Кейбіреулердің арманы - жерді меншікке сату» - Мұхтар Тайжан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу