Қуат Хамитов жаңа партия құратынын айтты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, файтер Қуат Хамитов ресми түрде партия құратынын жариялады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.
- Мен партия ашатынымды ресми түрде жариялаймын! Мұны дәл қазір істегім келмеген, бірақ мемлекетім мені тез әрекет етуіме итермеледі. Бұл партия бәріне кім кінәлі және біреу бірдеңе істеп жатыр деп айту үшін құрылмайды, партия халықтың дауысын есту үшін құрылады. Мемлекетіміздің басты мәселесі - халықтың пікірімен санаспайды және халықты естімейді. Партияның ашылуына ешқандай кедергі болмайды деп үміттенемін, өйткені бізде еркіндік бар ғой. Менің есігім бәріне ашық! Менің партиямға кез-келген адам қосыла алады, - деп жазды ол.