«Қазақстанның өз Навальныйы жоқ» - Дос Көшім (видео)
Белгілі саясаткер Дос Көшім біздің қоғамның Навальныйы жоқ екенін тілге тиек етті. Себебі, қоғам билікті емес Елбасыны құртамыз деген мақсат қойған деп ашық пікірін айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Әзірге, өкінішке орай біздің Навальный жоқ. Көре алмай тұрмыз. Навальныйдан да мықтырақ, Навальныйдан да күштірек адамдар шыға ма деп ойлайсың, бірақ, өкінішке орай бізде жоқ. Бұл біздің халқымыздың менталитеті ма!? Біздегі саяси жағдай ма осындайға алып келген? Бірақ, мен өзім басты нәрсені осы жыл бойы біз оппозициямыз деп келе жатқан адамдардан көремін көп нәрсені. Себебі, олар қоғамды жаңартамыз деген жоқ. Билік және Назарбаевты құртамыз деген мақсат қойды. Ал, қоғам жаңармайынша билік те жаңармайды екен. Назарбаев кетті, Тоқаев келді. Ештеңе өзгермеді өкінішке орай – деді Дос Көшім.