Белгілі саясаткер Тоқаев туралы пікірін білдірді (видео)
Белгілі саясаткер Дос Көшім Мемлекет басшысы Тоқаев туралы жеке пікірін білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты.
- Тоқаев Назарбаевтың билігін әрі қарай жалғастырушы. Сабақтастық деп айтты ғой және оны екі жыл бойы жалғастырып келе жатыр. Ал, сөйлеген уақытта өте тамаша нәрселерді айтады. Мен оған риза боламын. Бірақ, нақты саяси өзгерістерді көріп отырғаным жоқ. Меніңше, Назарбаев бар ма, жоқ па ол негізгі емес. Негізгісі, Тоқаевтың қазір не істеп жатқаны және не істегісі келетіні!? – деді Дос Көшім.