«Қоғамның пікірін ескеру қажет» - Мәулен Әшімбаев

Oinet.kz 21-01-2021 798

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеру қажеттігін айтты. Спикердің бұлай айтуына себеп жеткілікті. Қазіргі таңда, "Отбасылық зорлық-зомбылыққа" қатысты заңның өзі қоғамда біраз талқыға түсіп жатыр. 

Мәулен Әшімбаев.jpg

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдардың алдында тұрған негізгі мақсаттарға тоқталып өтті. Олардың бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартатын, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін бастамалар. Осыған байланысты парламент пен үкіметке маңызды міндеттер жүктеліп отыр. Жарияланған реформаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Заңдар ең алдымен ұлттық мүддені қорғауға тиіс. Ал ұлттық мүдде дегеніміз – халық пен мемлекеттің мүддесі, – дейді Мәулен Әшімбаев. 

Президент реформаларын іске асыру үшін сенат мәжіліспен және үкіметпен бірлесіп нәтижелі жұмыс істеуге дайын екендігін айтты. 

- Мемлекет басшысы атап өткендей, қоғамды алаңдатқан мәселелер парламентте талқылануы қажет. Парламент өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналуға тиіс. Сондықтан елмен етене жұмыс істеу – аса маңызды. Әр заң жобасын талқылаған кезде қоғамның пікірін ескеруіміз керек. Сенат жұмысына қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтардың өкілдерін, тиісті мамандарды кеңірек тартуымыз қажет. Мұндай қадам заң шығару жұмысының және қабылданып жатқан заңдардың тиімділігін арттыратыны сөзсіз, – дейді сенат төрағасы.

Болат Жылқышиев: Ұят шешім деп есептеймін (Ипподром дауына қатысты)
Кейуана өзін соққыға жыққан балаларын кешірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу