Мұхтар Тайжан Сенат Төрағасының пікіріне қарсы шықты

Oinet.kz 17-02-2021 1502

Белгілі кәсіпкер Мұхтар Тайжан Мәулен Әшімбаевтың ашаршылық жылдарына қатысты білдірген пікіріне келіспейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды. 

Мұхтар мен Мәулен.jpg

- Мәулен Әшімбаев замандасым жақсы жігіт, ал бірақ бұл жерде мен онымен мүлдем келіспеймін.

Ашаршылық - Қазақ Ұлтына арнайы жасалған қастандық, қолдан ұйымдастырылған геноцид деп білем. Холокост, Голодомор секілді.

Егер біздің буынымыз 20-шы ғасырдағы Ұлттық Ұлы Қасіретіне бұндай ресми бағасын беруге батылдығымыз жетпейтін болса, онда біз миллиондаған құрбан болған әруақтарымызды алдық та сатып жібердік деп айтуға болады. Өз басым 1920-шы, 1930-шы жылдары нақақтан нақақ қаза тапқан әруақтарды ешқашан сатпаймын және ұмытпаймын. Және де билікте отырған замандастарымды да соған шақырам. Ашаршылық - ол сөзсіз Қазақ Ұлтына қарсы арнайы жасалған қастандық және нағыз геноцид. Бұны біз нақты айтуға міндеттіміз - деді Мұхтар Тайжан. 

Еске сала кетейік, Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Елордада өткен «Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: Ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ашаршылық тақырыбының түрлі астарына тоқталған болатын. Сондай-ақ, отырыс барысында "ашаршылық қазақ халқының ғана басына түскен нәубет емес, бұл барша адамзаттың алапат гума­нитарлық қасіреті деп айтуға болады. Сол себепті ашаршылық тақырыбын саясиландырмай, ең алдымен оған ғылыми тұрғыдан қарағанымыз абзал" - деген еді. 

Илон Маск әлемдегі ең бай адам атағынан айырылды
Пашимов Елбасының Алғыс хатымен марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу