Мәслихат депутаты: Әруақ ұратын болса сол кездегі құрылыс жүргізгендерді баяғыда ұрар еді ғой

Oinet.kz 20-01-2021 1187

OINET.KZ - Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ипподромға қатысты дау өршіп тұр. Даудың басы - өткен жылы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың "BI Group" құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаевпен саудаласқаны. Сауда бойынша қаладағы ипподром орнына заманауи тұрғын-үй кешені салынуы керек. Компания осы үшін қалаға 130 млрд. теңгеден астам инвестиция құймақ.

141188534_2991559944458441_2900817665136467591_n.jpg

Ипподром орнына салынатын тұрғын-үй кешенінің жобасы

Осыған байланысты мегаполис тұрғындары екіге бөлінді. Бірінші жақ "ипподром - қаланың тарихынан сыр шертетін қасиетті орын, оған мүлде тиіспеу керек" десе, екінші жақ "келіп тұрған инвестициядан айрылып қалмауды" айтуда. 

Осы дау-дамайға байланысты Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұқарбай Facebook парақшасында өз ойын білдірді.

1538644187715499.jpg

- Атшабар көшетіні анық. Оның орнына «BI Group» компаниясы инвестиция (тұрғын үй, мектеп, емхана, спорт комплекс) салуға ниетті. Алайда желіде бір топ белсенділер ол жерге саябақ салынсын, үй салынбасын деп қарсы болуда. Олардың айтуынша ол жерге көпқабатты үйлер салынса экологияға кері әсерін тигізеді екен. Көпқабатты үй экологияға кері әсерін тигізер болса Алматы қаласының тұрғындары қалай өмір сүруде? Дубай, Сеул, Токио қалалары ше? Миға сыймайтын әңгіме. Одан кейін ол жерге тек байларға арнарған үйлер салады дегенде жазылуда. Компания өкілдері барлық санаттағы үйлер салынады деп нақты айтты. Керісінше үйлер көп салынып, саны артса пәтер бағасы арзандайды ғой. Ол экономикалық заңдылық. Халықта таңдау болады. Сапа артып, бәсекелестік болады. Ең бастысы қаладағы әрбір құрылыс заңға сәйкес болуы керек және ол жоба қаланың дамуымен тиімділігіне жауап беруі керек. 

Мыңдаған құрылысшы жұмыспен қамтылады. Салық көбейеді. Ондағы ғимараттартардың құрылысы аяқталған соң қаншама жұмыс орны ашылады. «BI Group» компаниясын басқа өңірлер инвестиция салдыруға шақыра алмай жүр. Осыны түсінуіміз керек.

Асанбай Асқаровтың әруағын сыйлайық. Ол жерді бұзсаңдар әруақ ұрады деген әңгімені қалай түсінеміз? Ата-бабамыз ұлан-байтақ жерді найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. Сол жерлерге астанамызды салды. Түркістан түлеп келеді. Айта берсек көп. Әруақ ұратын болса сол кездегі құрылыс жүргізгендерді баяғыда ұрар еді ғой. 100 жылдан кейін ешқайсымыз болмаймыз бұл өмірде. Сол кезде келер ұрпаққа біздер не қалдырамыз? Бізге де кезінде ата-бабамыз барынша елімізді дамытып, қолдарынан келгенше мұра қалдырды. Енді оны ұрпағы ары қарай дамытып, келешек ұрпаққа ұялмайтындай дүниелер қалдырайық. Біз де дамуымыз керек. Шымкентте саябақ көп. Құдайға шүкір. Гүлзардың да саны көп. Еліміздегі ең үлкен дендросаябақ Шымкентте. Ол Асанбай Асқаровтың атымен аталған. Одан бөлек көше де бар. Және ескерткіш орнатылған. Бұның бәрі атамызға құрмет болмай немене? 

«Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан»! Елу жылда екі ұрпақ ауысып үлгере¬тіндіктен елдің көзқарасы, ұғымы, ұстанымы мүлдем жаңаратындығы табиғи шындық. Құрметті достар, қаламыздың дамуы үшін баршамыз үлесімізді қосайық. Басқада ойларымды тағыда жазамын. Өз ойым, - деп жазды мәслихат депутаты.

Тоңазытқышта өлген сәби: Атырауда перзентхана дәрігерлеріне сот үкімі шықты
Әншілерді жинап жатқан Шымкент тағы бір жұлдызбен толықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу