«Сыртта отырып, халықты арандатуда» - Мұрат Бақтиярұлы Әблязовты сынады (видео)

Oinet.kz 20-01-2021 2392

ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы Мұхтар Әблязов туралы жеке пікірін білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлымен сұхбаты барысында айтты. 

Әблязов пен Мұрат Бақтиярұлы.jpg

- Бұны екі жақтан қарау керек. Біріншіден, Мұхтар Әблязов кезінде мемлекетімізе үлкен, лауазымды қызмет атқарған азамат. Министр дәрежесінде, Банк басқарды төрағасы ретінде. Екінші мәселе, Қазақстанның сот жүйесі, сот билігі, прокуратура Мұхтар Әблязовтың қаржы ұрлағандығын дәлелдеді. Ол дәлелденген факті. Енді Еуропаның құндылықтары бойынша Әблязов саяси босқын. Франция оған саяси босқын деген мәртебе берді. Ал, біздің заң Мұхтар Әблязовқа қылмыскер деген мәртебе бердік. Қарама-қайшылық бар. Бұны сол себепті екі жақтан қарау керек.

Екіншіден, сыртта отырып ақыл айту өте оңай. Әблязовтың жалпы кейбір ойлары, кейде мен қараймын демократиялық ойлары бар. Мынау коррупцияны тазарту. Оны бізде де айтып жүр ғой. Бірақ, Мұхтар Әблязов сыртта отырып алып, халықты мына жақтан арандатып алу мәселесін мен Парламент мүшесі, саясаткер ретінде қолдамаймын. Ол мықты ма елге келу керек. Елде жасауы керек - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Сенат депутаты Ермахан Ыбрайымовтың әрекетін сынап тастады (видео)
«Халықты қуғын-сүргінге салмауымыз қажет» - Сенат депутаты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу