Сенат депутаты Ермахан Ыбрайымовтың әрекетін сынап тастады (видео)

Oinet.kz 20-01-2021 3920

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы атақты боксшы Ермахан Ыбрайымовтың митингідегі әрекеті туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мұрат Бақтиярұлы мен Ыбрайымов.jpg

- Мен оны көрген жоқпын. Бірақ, оқыдым. Видеосы шығыпты оны көрген жоқпын. Алматы қаласының депутаты болды деді. Ыбрайымов шын мәнінде қазақтың, елдің атын шығарған азамат. Оған сөз жоқ. Олимпиада чемпионы болу миллионның біріне бұйыратын дүние. Бірақ, халықтың ортасына барғанда не айтқаны туралы әртүрлі пікірлер бар. Оның барған себебі, өзі олимпиада чемпионы. Мені халық таниды, біледі деп оларға басу айту үшін барған шығар. Менің ойым сол. Бірақ, плакатты жырту ол кісі үшін артықтау дүние. Жалпы митингіге шыққан азаматтарға барып, білмейтін нәрсеге ақыл айту меніңше керек жоқ сияқты. Меніңше, өзіңді тыңдамайтын болса, өзіңе артық сөз айтатын болса, ондай жерге барып қандай қажеттілік бар. Өзіңнің атыңды құртасың. Олар сен туралы емес, белгілі нәрселер туралы айтып жатыр. Ол жерде біздің атақты боксеріміз қағазды, плакаттарды жыртты деп жазыпты. Егер ол рас болатын болса ол дұрыс емес. Этикаға келіңкіремейді -  деді Мұрат Бақтиярұлы.

Мемлекет басшысы Асқар Маминге бірқатар маңызды тапсырма берді
«Сыртта отырып, халықты арандатуда» - Мұрат Бақтиярұлы Әблязовты сынады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу