Қайрат Құдайберген: Жерге басын тығып үнін шығармайтын депутаттар кімге керек???
Танымал кәсіпкер, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Instagram парақшасында депутаттарға қатысты ойын білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Кәсіпкер халық қалаулыларының көп жерде үнсіз қалатынына ашынды:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында кейбір ресейлік саясаткерлердің қандай да бір «сыйлықтары» туралы айтқан сөздеріне қатысты үнсіздікті үзуге ашық үндеу бар. Мемлекет басшысы қазақстандықтарға «аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн» - деп жазған болатын.
Халық депутаттары – халық қалаулыларының басым бөлігі аталған мәселе бойынша әлі күнге дейін ыңғайсыз үнсіздікті сақтап отырғанын атап өткім келеді. Елде сайлау кезеңі жүріп жатыр, барлық мінбелер ашық. Бұл ретте азаматтардың назары, әсіресе, сайлауға қатысқан кандидаттарға түсіп отыр.
Менің ойымша, «никоновтардың» және «федоровтардың» айтқан сөздері қазақстандықтарға да оң әсерін тигізуі мүмкін. Олар бізге өзімізді біртұтас ұлт ретінде тануға, бірігуге, кез-келген саяси агрессорларға тойтарыс беруге қабілетті қуатты мемлекеттің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектесті. Парламенттің жаңа шақырылымының болашақ депутаттарында өз ұстанымын айқын және өзін қазақ жерінің нағыз ұлдары мен қыздары ретінде дәлелдеуге тамаша мүмкіндік бар. Ендігі кезек, бұл мүмкіндікті олардың қалай пайдаланатынында, - деп жазды Қайрат Құдайберген.
Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген кеше "Nur Otan" партиясының атынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.