Ермахан Ибраимов: Төбелесте бірінші болып ұрып, бір-екеуін құлаттым

Oinet.kz 02-08-2019 4383

Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында бандитизмге қатысты ойын білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Ермахан Ыбырайым.jpg

- Кезінде разборкаға әділеттік шешім үшін қатысқаным рас. Менің жұдырығым - қаруым болды. Сондықтан мен разборкаларға барған кезде әңгімелерді тыңдап отырамын. Біз жақтан артық әңгімелер айтылып жатса мен өзімізді тоқтата аламын. Олар дұрыс айтып жатыр, біз өз қателігімізді реттеуіміз керек деймін. Ал егер біздің қарсыласымыз дұрыс болмай тұрып дұрыс екендерін дәлелдеп қоймаса әңгіме басқа болады. Дөрекілікке жол бергендерді жұдырықпен тоқтату керек. Қателік жасағандарды орнына қойдық. Олар кешірім сұрады, - деді Олимпиада чемпионы.

Ермахан Ибраимов 2002 жылдары өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны жөнінде ағынан ақтарылды: 

- Ол кезде мен Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болдым. Сөз жоқ, кінә өзімнен де болды. Мен бұрынғыдай өзімнің күшті екенімді дәлелдегім келгендей болды. Бірақ спортта жүрген кез бен боксты тастаған кез басқаша екен. Сондықтан мен шаршап қалып, күшім кетіп қалуы керек. 10 жігіттің қайсыбіне жүгіресіз? 

Төбелесті негізі мен бастаған жоқпын, бірақ мені төбелесті бастауға итермеледі. Боксшылар арасында қағида бар, егер төбелестен қашып құтылу мүмкін болмаса, онда бірінші болып ұр деген. Сондықтан мен бірінші болып ұрдым. Мен жалғыз болды. Олар көп. Мен бір-екеуін ұрып үлгердім. Ары қарай есімде жоқ. Кейіннен олар менен кешірім сұрап алдыма келді. Оларды кешіріп қол алыстым. Қазір араласып тұрамыз, - деді Ермахан Ибраимов. 

Қайрат Құдайберген: Жерге басын тығып үнін шығармайтын депутаттар кімге керек???
Жандарбек Бұлғақов ант беруде мыңқ-мыңқ еткен депутаттарды аяусыз сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу