Жандарбек Бұлғақов ант беруде мыңқ-мыңқ еткен депутаттарды аяусыз сынға алды
Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов кеше ант беру рәсімінде алдындағы мәтінін дұрыстап оқи алмаған депутаттарды қатаң сынға алды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Конституциясы мен Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!». Бар болғаны осы 4-5-ақ сөйлемнен тұратын кішігірім мәтінді бүгін елдің елеулісі, халықтың қалаулысы деген депутаттарымыз айта алмады. Ант беру рәсімінде дал-дұлын шығарып, каша қылып жібердіңіздер ғой, құрметті депутаттар», — деді айтыскер.
Сондай-ақ, ол ант мәтінінің алдын ала берілетінін депутаттардың бетіне басты.
«Депутаттарға халық тағдырын сеніп тапсыра ма? Әлде әліппені қайтадан өту керек пе мен түсінбедім. Ант беру рәсімінде сіздер антты бұзып тұрсыздар ғой. Халыққа адал қызмет етемін дейсіздер. Бірақ халықтың тілінде сөйлей алмай жатсыздар. Аяқ астынан сөз келіп қалса түсінемін. Адам аяқ астынан сасып қалуы мүмкін. Бірақ сіздерге «Ертең сағат осындайда, осындай жерде ант беру рәсімі өтеді деп айтатын рәсімдеріңізге дейін алдын ала берілді, берілмеді емес. Ол ақымақ адамға да түсінікті. Сол үш-төрт-ақ сөзден тұратын мәтінді мыңқ-мыңқ, быдық-быдық демей халықтың көзіне қарап шын жүректен ан беруге болатын еді. Мына тірліктеріңіз үшін сіздер ұялу керексіздер», — дейді Жандарбек Бұлғақов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram