Жандарбек Бұлғақов ант беру рәсімінде мыңқылдаған депутаттарды не үшін сынағанын айтты

Oinet.kz 11-05-2021 2845

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов ант беру рәсімінде екі сөздің басын қоса алмай мыңқылдаған Мәжіліс депутаттарын не үшін сынға алғанын түсіндірді. Бұл туралы ол Нұрмахан Мұқанұлына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Жандарбек Бұлғақов.jpg- Менің айналамда жүрген біраз таныс азаматтар праймеризге қатысты. Сол себепті де бұрын мән бермейтін саяси науқанға қызығушылық танытып, "кім депутат болыпты" деп елеңдеп отырдық. Депутат болғандардың ант беру рәсімі жұрттың назарында болды. Менде қарапайым халықтың өкілі ретінде ант беру рәсімін бастан-аяқ көрдім. Көріп отырып, "бұл кісілер ата-аналар жиналысында сөйлемеген адамдар ма?" деп ойлап қалдым. Өйткені ата-аналар жиналысында сөйлесеңіз, ресми жиналыста, той-томалақта сөйлесеңіз ысылып-ысылып келіп, әлгіндей деңгейде шыққанда әрине қобалжисыз. Бірақ сізге ешкім "антты жатта" деп айтып жатқан жоқ қой. "Жаттап айтпасаң антың қабыл болмайды" деген шарт жоқ Конституцияда. Басыңды салбырат та оқып бере сал. Басын көтергендер "авария" болды. Басын түсіргендер әріп таппай қойды. Сонда менің ойымда: "Осы адамдар мемлекеттік заң шығарушы органында қызмет істей ме?" деген қорқыныш пайда болды. Бұның ішінде менің де тағдырым, бала-шағамның тағдыры кетіп бара жатқанын аңғардым. Нәтижесінде депутаттарды сынаған видео дайын болды, - деді Жандарбек Бұлғақов. 

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған бірнеше депутат ант беру рәсімінде сөзден жаңылып, екі сөздің басын әзер құрап міңгірлеген еді. Осыған байланысты Жандарбек Бұлғақов депутаттарды сынап видео түсірді.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от

Серік Елемесұлы тікелей эфирде сұхбат берді
Түркістандық депутаттар 300-ден астам отбасыға азық-түлік таратты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу