Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді (видео)

Oinet.kz 07-01-2021 1022

Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, ішке кіріп, сенат залына басып кірді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Трамп жақтастары.png

Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті гранат қолданып тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды.

Вашингтонда Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, ішке кіріп, сенат залына басып кірді, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Бастапқыда полицейлер көзден жас ағызатын газ, түрлі-түсті гранат қолданып тәртіпсіздіктің алдын алмақ болған. Конгресске кіретін бірнеше кеңсе эвакуацияланды. 

- Наразылық білдірушілер Капитолийге шабуыл жасап, сенат залын басып алды. Олар бізден іште тұруымызды сұрады, - деп жазды америкалық сенатор Джеймс Лэнкфорд Twitter желісіндегі парақшасында.  

image.png

Тәртіпсіздік кезінде бірнеше адам зардап шеккен. 

Наразылықтар АҚШ Конгресі қарашада өткен президент сайлауының нәтижелерін ресми түрде бекіту рәсімін бастаған кезде басталды. Сайлау қорытындыларын бекітуге қарсылықтар айтылып, талқылау басталды. Сенаторлар тобы Аризона сайлаушыларының дауыстарын мақұлдауға қарсылық білдірген. 

image.png

image.png

Оклахома штатының сенаторы Джеймс Лэнкфордтың сөйлеп жатқан кезде оны аяқтауға мүмкіндік бермей, төраға үстелді балғамен ұрып, сенаторлар қайта шақырылғанға дейін жұмыс тоқтатылатынын мәлімдеді. Осыдан кейін хабар тарату тоқтатылған болатын. 

Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу