Дональд Трамп соңғы жолдауын жариялады
20-01-2021
АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп америкалықтарды бейбітшілікке шақырып, Капитолийге шабуыл жасағандар өзінің "нағыз" жақтаушылары емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
Бірақ, журналистердің айтуынша, Трамп импичмент туралы жаңалыққа пікір білдірмеді.
Дереккөз мәліметінше, Трамп өткен аптада қайғылы оқиғаларға әкелген әрекеттері үшін қандай да бір жауапкершілікті мойнына алудан бас тартып отыр.
- Менің шынайы жақтаушыларымның ешқайсы саяси зорлық-зомбылықты қолдай алмайды, бірде-бір жақтаушым құқық қорғау органдарына немесе біздің ұлы америкалық туымызға деген құрметсіздікті қолдай алмайды, менің шынайы жақтаушыларымның ешқайсы өз отандастарын ренжіте алмайды. Сіз осындай әрекет жасасаңыз, сіз біздің қозғалысымызды қолдамайсыз, керісінше оған шабуыл жасайсыз және біздің елге шабуыл жасайсыз, - деді Трамп Ақ үйдің Twitter желісіндегі парақшасында жариялаған видеосында.
Президент Капитолийдегі тәртіпсіздіктерге кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді