Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты

Oinet.kz 07-01-2021 1022

Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы қызметіне Мәдениет Танауов тағайындалды, деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Мәдениет Танауов.png

Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. Бұған дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеген.

Басылым мәліметінше, Танауовқа дейін бас санитар дәрігер болған Амантай Жұмағалиев бұрынғы қызметіне, Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметіне оралған.

COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Атырау облысында сегізінші рет бас санитар дәрігер ауысқаны атап өтілді.

Трамптың жақтастары Капитолийдегі қоршауды бұзып, сенат залына басып кірді (видео)
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу