​Үміткер - Оспанов Ерік Серікұлының қатысуымен тікелей эфир өткізілді

Oinet.kz 05-01-2021 639

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Оспанов Ерік Серікұлы facebook әлеуметтік желісінде Түлкібас ауданы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша агитациялық тікелей эфирін өткізді. Сайлауалды бағдарлама 7 басым бағыттарды айқындаса, соның 100%-ы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындауға бағытталған. 

image.png

Тікелей эфир барысында ауылшаруашылық қайта өңдеу зауыттарының ашылуы және сауданың дамуы 2020 жылы тұрғындарды жоғары сапалы азық-түлік өнімдерімен (ет, сүт, жұмыртқа), яғни 17,1 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт, 17,1 млн.дана жұмыртқамен қамтамасыз етілетіндігін айтты. 2025 жылға жаңа 1580 жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздықтың деңгейін 4,9%-ға төмендету жоспарланған. 2019 жылы ауданымыздың орташа айлық жалақысы 117 149 теңгені құраса, 2025 жылға 2 есеге жеткізуді жоспарланып отыр деді. 

«Nur Otan» партиясы жылына 7 мыңдай туристі қамту үшін:

- Түлкібас-Жабағылы елді мекендері аралығында велоспортпен айналысатын веложол салуға;

- Иірсу шатқалынан көру алаңы құрылысының жобасын дайындап, құрылысын жүргізуге;

- Этнотуризмді дамыту бағытында Майлыкент ауылдық округіне қарасты Қарағашты ауылынан жылына 1000 туристке дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік туғызатын «Etno Park Resort» құрылысын іске асыруға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай өңірге келушілердің саны 1,5 есеге, оларды орналастыру орындарының саны 5,0%-ға, қызмет көрсету көлемі 9,0%-ға артады деп атап өтт. Эфир соңында Түлкібас ауданының барлық сайлаушыларын 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлау күнінде белсене қатыуын сұрады.

Nur Otan партиясы Түлкібас аудандық филиалының Сайлау қоры қаражатынан төленді

Бақыбек ауылы тұрғындарымен кездесу өтті
«Дос би» ЖШС ұжымымен кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу