Алматы облысындағы трассада автобус сынып, жолаушылар жолда қалды

Oinet.kz 30-12-2020 1242

29 желтоқсан күні кешке "Алматы-Өскемен" тас жолында жолаушылары бар автобус бұзылды. Адамдар жақын маңдағы елді мекенге эвакуацияланды, деп хабарлайды Oinet.kz. 

автобус трасса.png

Көлік "Алматы-Үржар" бағыты бойынша "Алматы-Өскемен"автожолының 414 шақырымында істен шықты. Автобус салонында 37 жолаушы болған.

- Ауа - райының қолайсыздығын, яғни қатты аязды ескере отырып, адамдар ең жақын елді мекен-Сарқан қаласына эвакуацияланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж емес еді, - деп хабарлады өңірдің ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Шақырту орнына Алматы облысының ТЖД (2 бірлік техникаға 4 қызметкер), Сарқан қаласының трассалық-медициналық құтқару пунктінің кезекші бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), Сарқан қаласының Жедел медициналық жәрдем бригадасы (3 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (3 қызметкер және 1 бірлік) шықты.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almatyobl_tjd (@almatyobl_tjd)

Дизайнер Пьер Карден бақилық болды
«Әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кетті» - Қорғаныс министрлігі пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу