«Бір түн мен үшін бір ғасыр болды» - Асанәлі Әшімов (видео)

Oinet.kz 29-12-2020 2620

Танымал актер Асанәлі Әшімов кішкентай күнінде басынан өткерген қиындықтар мен оқиға туралы баяндап берді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Асанәлі Әшімов.png

Журналистің «Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым". Сізді түні бойы ешкім іздеп келмегені қалай?» - деген сауалына өз жауабын берді. 

- Іздеп келетін ешкім жоқ қой. Жалғыз шешем бар ғой. Ол Новосибирскіге қарағай кесуге командировкаға жіберген бір жылға. Өзім тұратын үйде кемпір шешей үлкен. Басқалары жұмыста. Артымнан келе қоятындай ол кезде транспорт ешек қой. Шалдар сол ешекпенен балаларын алып кетіп жатты. Ал, менің артымнан келетін шал жоқ. Сондықтан, тыныш отырып қалайын дедім. Жалаңаяқ шығып кетейін десең аяғың үсиді, тоңып қалу қаупі бар. Сондықтан қалып қойдым. Ешкім келмеді. Күттім. Мүмкін біреуінің есіне түсер деп. Сол түн маған пайдаға кетті. Ерте есейдім. 3 класс, 9 жасар кезіміз ғой. Сол бір түн мен үшін бір ғасыр болды. Бала кез. Түннің бір уағы. Мектептің ішінде жан жоқ. Еден суық. Жалаңаяқ партаның үстінде отырсың. Қараңғы. Көз алдыңа әртүрлі нәрсе елестейді. Көп нәрсені ойлап, зерделі болуға сол көмектесті. Әкесі бар балалардың жағдайы осындай екен ғой. Жетімдік деген осы екен ғой деген - дейді Асанәлі Әшімов. 

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Асанәлі Әшімов Елбасының жақсы тұсы туралы айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу