Еріктілер археологиялық экспедиция сапында

Oinet.kz 28-12-2020 1024

Бүгінгі таңда еріктілер қызметіне қатысты қоғамдық көзқарас өзгере бастады. Жасыратыны жоқ соңғы жылдарға дейін ерікті ұғымын сенбілікке шығып, көгалдандыру, көгеріштендіру жұмыстарына ерікті түрде атсалысушы ретінде қарап келді. Тіпті біздің түсінікте олардың жасына қатысты да шектеу болды. 

image.png

Десе де саладағы шетелдік тәжірибе еріктілерге қойылар талаптың жоғары соған сай олардың қоғам өміріндегі рөлі де айрықша екеніне көз жеткізді. Осыдан барып бізде салалық еріктілік туралы көзқарас қалыптаса бастады. Мәселен «Жібек жолы жастары» еріктілер қозғалысының мүшелерінің археология саласына қызғушылығы жоғары. Олар қазір Жуалы ауданындағы Бақалы ауылының маңындағы қазба жұмыстарына қатысып жатыр. 

Ежелгі Баркуаб қаласының орнына жүргізіліп жатқан археология қазба жұмыстарына халықаралық археологиялық экспедицияның қатысушысы, облыстың тарихи-мәдени мұрасын қорғау және туризмді дамыту жөніндегі бірқатар жобалардың үйлестірушісі  Искандербек Торбеков жетекшілік етеді. Еріктілердің экспедиция жұмысына атсалысуы олардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттыра түсері анық. Оған қоса қосымша жұмыс күші ретінде ғылыми зерттеу жұмыстарының бекітілген мерзімнен ертерек аяқталуына үлес қосады. 

Қысқасы тарихи-танымдық сипат алған еріктілер қозғалысы отандық тарих ғылымы мен руханиятына да үлес қосып жүр. Сайып келгенде бұл фактор олардың қоғамдағы мәртебесін айшықтауға да мүмкіндік берері анық. 

Дина Төлепберген орнына келген жүргізушіні таныстырды (фото)
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу