Заманбек Нұрқаділовтың қызы көпшілікті қылығымен сүйсіндірді (видео)
Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың қызы анасын өзін қалай тәрбиелейтінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. Мерейдің тәтті қылығын көрсететін видео kaz.stars Instagram парақшасында жарияланды.
Белгілі журналист Аман Тасыған жүргізетін бағдарламаға Мақпал Жүнісовамен келген Мерей, анасынан қорқатынын жеткізді.
- Мен анамның ақылын тыңдаймын. Тыңдамасам қорқамын анамнан - дейді Мерей Заманбекқызы.
Журналистің анаң сені қалай қорқытады деген сауалына күлкілі мимикамен өз жауабын берді.
- Мама қатты айғайламайды. Мама айтады: "Үй жаныңды шығарамын. Таяқ жейсің" - деп. Содан мен қорқамын - дейді Мерей.
Ал, көпшілік қауым Мерейдің қылығына тәнті болып, ыстық лебіздері мен тілектерін білдіруде.
- "Жаным, асылдың сынығы", "Алланың бересалған қызы", "Мақпал әпке қарапайым. Барлыгы шынайы. Жүз жасаңыз!", "Бəріміз солай өстік қой", "Тектілігің ойында Мерей қыз", "Жарайсың Мерей" - дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram