Бейсен Құранбектің қойындәптерінен әсерлі жазба жарияланды (фото)
Белгілі журналист марқұм Бейсен Құранбектің күнделігінен естелік ретінде жазба жарияланды. Бұл естелікпен жары Гүлмира, марқұмның Instagram парақшасында бөлісті.
- “Ар сақта! Намысты бол! Талаптан! Қарекет қыл! Тәуекел ет! Уәдеге берік бол! Мәрт бол! Ақылға сал! Қайратты бол! Жүрегіңді жылыт! Біліміңді көбейт! Өнерді үйрен! Мінезді бол! Еңбек сүйгіш бол! Ана тіліңді біл! Ана тіліңді сүй! Адал мен арамды ажырат! Обалды ойла! Сауапты іс жаса! Салт-дәстүрді ұста! Өнер, мәдениетті игер! Ата тарихтан тәлім мен шабыт ал! Өзіңе, өзгелерге, айналаңа жақсылық жаса!” - делінген қойындәптерде.
Жазбаны оқыған желі қолданушылары марқұмның жақсылығын жарыса айтуда.
- "Ұлы ғұламалардың асыл сөзіндей, ұрпақтан ұрпаққа жетсін!", "Міне осындай Ер-Азаматтарымыз азайып кетті", "Қайран Бейсекем-ай, жаның жәннатта болсын", "Керемет сөздер, кей адам ақыл айтады да ісі басқа, Ағаның сөзі де,ісі де рас", "Қандай кісі болғаны көрініп тұр осы жазбадан-ақ. Жатқан жеріңіз жарық, жайлы болсын ағатай!" - дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram