«Қатыгез адам» - Жазира Байырбекова көпшілікті алаңдатып қойды
Қазақстандық белгілі әнші Жазира Байырбекованың Instagram парақшасына жазған жазбасы көпшілікті алаңдатып қойды.
- Бауырдан да, достықтан да, сыйластықтан да ақшаны жоғары қоятын қатыгез адам екенін сезе тұра, ешкімді тыңдамай үнемі қамқор болып,қорғап,қолдап, жарнамалап жүрген адамыңды табысы көбейіп, саған тәуелсіз болған кезде шын бейнесін көру қорқынышты. Кешірімдімін,кешіремін ғой. Бірақ, ол жақын адамың болса тіпті жаның ауырады. Дәл менің жанымды ауыртқандай мен білмейтін қанша адамның жанын ауыртты екен бұл пенде?! Бүгінгі көңіл күйім осындай. Дәл мендей күй кешкендер бар ма? Тез ұмыттыратын бірдеңе жазыңыздаршы - дейді әнші.
Ал, желі қолданушылары Жазира Байырбекованы барынша қолдайтындарын айтып, жылы лебіздерін білдіруде.
- "Мен де ешкімнен ештеңе күтпеуді және менде ешкімге міндетті емес екенімді үйреніп жүрмін, сонда реніш болмайды екен", "Ия, ондай адамдар өкінішке орай бар. Бекер айтпаған ғой: "Жаман атқа жал бітсе, артына торсық байлатпас ", деп. Өміріңізден өшіріп тастаңыз, сол адамды, жақсылар айналаңызда көп қой", "Ондай адамдардың шын бейнесін ерте көргеніңізге қуану керек! Бұл жағдайда бастысы өзіңіз әділ,адал болсаңыз болғаны! Жаратушы өте әділ!", "Ешқашан көңілінізге қаяу түсірмеңіз. Алла өзі реттейді", "Сабырлы болыңыз" - дейді желі қолданушылары.