Жириновский Қазақстан жері туралы айтқан депутатты қолдады

Oinet.kz 19-12-2020 946

ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновский Ресей Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың сөзін сөйлеп, қорғады. Оған себеп Ресей тарапына Қазақстан СІМ наразылық нотасын  жіберуі екен, деп хабарлайды Oinet.kz.

Жириновский.png

- Ол бәрін дұрыс айтты. Никонов - өте сауатты адам. Оның атасы - сыртқы істер министрі Молотов тірі болғанда, мұны растаушы еді, - деді Жириновский журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ ол "қазақ тайпалары Орта Азияда көшіп-қонып жүрген соң, бәрі  шатасып кеткен" деп айтып қалды.

- Бірақ шекарасы, билігі бар мемлекет  болған жоқ, мұның бәрі жасанды түрде кеңес өкіметі құрды, - деді саясаткер Никоновқа тағылған айыптарға наразылық білдіріп.

Айта кетсек, ресейлік депутат Никонов "Қазақстан жері - Ресей мен Кеңес Одағы тарапынан үлкен сыйлық" деп мәлімдеген болатын. Қазақстанда ресейлік депутаттың мәлімдемесі үлкен қоғамдық резонанс тудырды.

Қазақстан СІМ Никоновтың сөзіне байланысты наразылық білдірді. Ресейдің уақытша сенімді өкілі Александр Комаров министрлікке шақырылды. Сыртқы саясат ведомствосының позициясы бар нота ресейлік дипломатқа берілді.

Елбасы Геннадий Головкинді құттықтады
Қызылорда-Шымкент тасжолында жүк көлігі аударылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу