«КСРО сақталғанда Қазақстанның барлық газы, мұнайы — ортақ байлығымыз болар еді» - Жириновский
ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновский «Говорит Москва» радиостанциясының эфирінде КСРО сақталған жағдайда ТМД елдерінің бүгінгі ахуалы қандай болатынын айтты.
- Біз жер аумағын түгел сақтап қалып, санымыз 300 миллионға жетер еді. Қуатты экономикамыз болар еді. Бүгінде бүкіл оңтүстік бізге Африкадан, Израильден немесе Батыс Еуропадан әкелініп жатқан нәрселерді беруші еді. Өз жемістеріміз, көкөністеріміз болар еді. Бақша, мақта, жүзім.. Сондай-ақ, газ-мұнай нарығында монополисқа айналар мүмкіндігіміз болды. Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстанның барлық газы, мұнайы — ортақ байлығымыз болар еді, — деді саясаткер.